​Денсаулығыңызды жақсартқыңыз келсе...

0
1 550

Төменде ұсынылған жаттығуды жасау арқылы кез келген адам саулығын жақсарта алады.


​Денсаулығыңызды жақсартқыңыз келсе...

Бұл жаттығуды бір орында отырып жұмыс істейтіндерге, күн ұзақ телефонға телміретіндерге, теледидардан көз алмайтындарға орындау ұсынылады. Төменде ұсынылған жаттығуды жасау арқылы кез келген адам саулығын жақсарта алады.

Жаттығуды бастаудан алдын денені қыздырып аламыз. Жеңіл ырғақты әуен қосып билеңіз, ауланы айналып келіңіз, аяқ-қолыңызды көтеріп сермеңіз. Кез келген қозғалыс денені дайындайды. Ендеше, дайын болсаңыз бастаймыз!


1-жаттығу

Тіке тұрып, аяғыңыздың арасын ашыңыз. Аяқ пен иық бір қатарда тұру керек. Ішіңізді барынша тартыңыз. Сосын оң аяқтың өкшесін сыртқа қарай шығарып. тізені тік ұстайсыз. Енді екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрасыз. Терең тыныс алып, алдымен оң қолдыоң тізеге түсіресіз. Демді шығарған уақытта сол қолды барынша жоғары көтеріңіз. Жаттығуды екінші қолыңызбен жалғастырыңыз.


2-жаттығу

Жайғасып отырасыз. Алға қарай шамалы иіліңіз. Сосын қолды алға созып, бөксені көтересіз де, алақанмен еденді тіреңіз. Осы қалыпта тұрып, тіліңізді шығарып, алға қарай барынша созасыз. Сөйтіп бар даусыңызбен айқайлаңыз.

Бұл жаттығу өз-өзіңізге деген сенімділікті арттырады, даусыңызды қатайтады әрі мойын бұлшықеттерін нығайтады.


3-жаттығу

Шалқаңыздан жатып, аяғыңызды бүгесіз. Қолыңызды екі жаққа бос жіберіңіз. Осы қалыппен бөксені еденнен баяу көтеріп, табанды еденге тірейсіз. Осылайша 3 рет демді ішке жұтып, 3 рет сыртқа шығарасыз. Сонан соң бөксені еденге қойыңыз.


4-жаттығу

Еденге шағын төсеніш төсеңіз. Ыңғайлап отырып, терең тыныс алыңыз. Демді сыртқа шығарғанда алға қарай еңкею керек. Мүмкіндік болса мұрынды еденге тигізу керек.

Бұл жаттығу қарын бұлшықеттерін жаттықтырып, омыртқаны созады.


5-жаттығу

Тұрған бойда екі қолыңызды екі жаққа жайып, оң аяқты артқа қарай созасыз. Баяу қимылмен алға қарай иілесіз. Бейне бір ұшқандай сезімде болу керек. Жаттығу барысында демді тартып, шығарып тұрыңыз.

Оң аяқты сол аяққа ауыстырып, жаттығуды қайталайсыз.


6-жаттығу

Орныңыздан тік тұрып, оң аяғыңызды бүгіңіз. Ал сол аяқтың тізесін аздап бұрып, оны да бүгесіз. Екі аяқтың өкше тұсы бір-біріне тиіп тұру керек. Сосын терең тыныс алып, қолыңызды жоғары көтересіз. Жаттығу кезінде тепе-теңдікті сақтау маңызды.


Дереккөз: doctorbormental.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көңіл-күйді көтеретін 5 жаттығу


БЕЛДІ ЖІҢІШКЕРТІП, артық майдан арылтатын жаттығу