​Кесте бойынша жүгірсеңіз тез салмақ тастайсыз!

0
11 723

Фитнес-тренерлер ұсынған кесте бойынша жұмыс жасайтын болсаңыз жүгіру арқылы бір айда 10-12 келі салмақ тастай аласыз.


​Кесте бойынша жүгірсеңіз тез салмақ тастайсыз!

фото: ашық дереккөзден

Фитнес-тренерлер ұсынған кесте бойынша жұмыс жасайтын болсаңыз жүгіру арқылы бір айда 10-12 келі салмақ тастай аласыз.

Ол үшін алдыңызға нақты мақсат қойып, сол бойынша әрекет етесіз. Сондай-ақ, күніне қанша минут жүгіру керектігін біліп алған да артықтық етпейді. Жүгіруді жаны қалайтындарға бүгін кереметтей кестені ұсынбақпыз.

Жалпы жүгіргісі келген адам кез келген жерде жүгіруіне болады. Өйткені жүгіру ешқандай орын таңдамайтын фитнес түрі. Жүгіру нәтижесінде сіз бойкүйездіктен арылып, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Сонымен қатар, бұлшықеттер нығайып, ішкі ағзалардың жұмысы жақсарады, ең бастысы артық салмақтан арыласыз.

Үнемі жүгірумен айналысатын жандардың жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысы жақсарып, нәтижелі бола түседі. Әрбір жүгірген сайын жүрек көп қан айдап, қан тамырларының тазалығын сақтауға септігін тигізеді екен.

Жүгірудің адам ағзасына пайдасы ұшан-теңіз. Сондықтан да жүгірумен айналысқан ешқашан да кеш болмайды. Мына кесте бойынша жүгіретін болсаңыз, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, біраз салмақ тастайсыз.

фото: ernur.kz

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ