Кеуде ұру – тек жаман қасиет емес, кейде пайдалы

0
193

Дене қозғалысы аз адамдарға пайдалы.


Кеуде ұру – тек жаман қасиет емес, кейде пайдалы

Таңертең көкірек тұсын жеңіл ұру – бұл кейбір сауықтыру тәжірибелерінде (мысалы, тыныс алу жаттығулары, шығыс әдістері, йога мен өзін-өзі уқалау техникасында) қолданылатын қарапайым әдіс. Оның ағзаға біршама пайдасы бар.


1. Лимфа жүйесін белсендіру

Кеудені ұрғылау лимфа айналымын белсендіруге көмектеседі, бұл токсиндердің шығуына әсер етеді. Таңертең жасау маңызды, себебі түнгі уақытта лимфа тоқтап қалуы мүмкін.


2. Тыныс алуды жақсарту, өкпені ашу

Кеуде тұсын жеңіл соққылау тыныс алу жүйесін «оятуға», өкпедегі альвеолаларды ашуға көмектеседі. Бұл әсіресе үстірт тыныс алатындарға, ұйқыдан кейін немесе қозғалысы аз адамдарға пайдалы.


3. Қан айналымын жақсарту

Тері мен тіндерді жеңіл түрде ынталандыру капиллярлық қан айналымын белсендіреді. Жүрекке жұмсақ массаж болады, әсіресе төстің үстін жеңіл түртсе.


4. Энергетикалық белсендіру

Қытай дәстүрлі медицинасында көкірек тұсында «ци» энергиясы, тыныс және эмоцияларға жауап беретін нүктелер бар деп есептеледі. Түрткілеу өкпе мен жүрек меридиандарын белсендіреді.


5. Эмоционалды босаңсу

Төстің үстін түрткілеу психоэмоционалдық әдіс ретінде де қолданылады. Бұл үрей, қайғы немесе көкіректегі қысым сезімінен арылуға көмектеседі деп есептеледі.


6. Тоқырау құбылыстарының алдын алу

Бұл жаттығу қозғалысы аз адамдарға, егде жастағыларға, жиі бронхитпен ауыратындарға пайдалы. Сонымен қатар, қақырықтың шығуына және қабынудың алдын алуға әсер етеді.


Қалай дұрыс орындау керек?

  • Кеуде бөлігін екі алақанымен немесе саусақ ұштарымен жұмсақ түрде ұрғылау.
  • Қозғалыс: жоғарыдан төмен қарай төс бойымен, кейін сәл екі жаққа қарай
  • Ұзақтығы: 1–3 минут.
  • Тыныс: Дем шығарған кезде немесе терең тыныспен бірге орындаңыз.
  • Уақыты: Таңертең, таңғы астан бұрын жасаған жақсырақ.
  • Түрткілеу жұмсақ, сүйекті ауыртпайтындай жасалуы керек.


Кімдер абай болуы қажет?

  • Жүрек-қан тамыр аурулары бар адамдарға (әсіресе инфаркттан кейін)
  • Айқын көкірек ауруы
  • Жақында болған қабырға сынуы
  • Отадан кейінгі жағдай
  • Күшті жөтел
  • Остеопороз жағдайында міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажет.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ