Көктем мезгілі болғандықтан қыз-келіншектер бұл уақытта әсемденіп, ашыла түседі. Кейбірі тіпті, ашық түсті киімдер киіп, өз сымбатымен ер-азаматтардың жүрегін жаулап алуға дайын. Бірақ, өкінішке орай арамызда өз дене-бітімінен ұялатындар да бар. Оларға жаттығу жасауға кеңес береміз. Мына жаттығулар сіздің көкірегіңіздің көтеріліп, әдемі бола түсуіне, сонымен қатар, фигураңызды тартымды етуге көмектеседі. Сондықтан да жаттығудың бірін қалдырмай жасауға тырысыңыз.
фото: fitnessera.ru
Көктем мезгілі болғандықтан қыз-келіншектер бұл уақытта әсемденіп, ашыла түседі. Кейбірі тіпті, ашық түсті киімдер киіп, өз сымбатымен ер-азаматтардың жүрегін жаулап алуға дайын. Бірақ, өкінішке орай арамызда өз дене-бітімінен ұялатындар да бар. Оларға жаттығу жасауға кеңес береміз. Мына жаттығулар сіздің көкірегіңіздің көтеріліп, әдемі бола түсуіне, сонымен қатар, фигураңызды тартымды етуге көмектеседі. Сондықтан да жаттығудың бірін қалдырмай жасауға тырысыңыз.
1-жаттығу
Бұл жаттығуды әсіресе фигуралары «алма» тәріздес қыздар қатты бағалайды.
Себебі мұндай қыздарда бел «болмайды». Ендеше белдегі артық майларды кетіру мақсатында мына жаттығуды жасауға болады. Алдымен еденге шалқаңыздан жатып, тізені бүгесіз. Сосын демді шығара отырып, денені көтересіз де, тізеге дейін жеткізесіз. Ал, ауаны жұтқан уақытта бастапқы қалыпқа қайта келесіз. Осылайша жаттығу 30-50 рет жасалады.
2-жаттығу
Келесі жаттығу көкіректі отасыз-ақ әдемі етуге арналған.
Алдыңғы жаттығудағыдай шалқалап жатып, қолды екі жаққа жаясыз. Екі қолыңызға да галтель алып, бір-біріне жақындатыңыз. Жаттығу барысында қолды тік ұстау керек. Бас-аяғы жаттығуды 40-50 рет жасайсыз. Басында біраз қиналуыңыз мүмкін. Екі-үш күннен соң денеңіздің ауырғаны басылып, жаттығу жасауға құлшынысыңыз арта түседі. Сол себепті де аз ғана қиындыққа мойымай, белгілі бір нәтижеге қол жеткізгенге дейін алған бетіңізден қайтпаңыз.
3-жаттығу
Жоғарыда келтірілген жаттығулар арқылы белді шығаруды, көкіректі көтеруді үйренген болсақ, бұл жаттығу сіздің жіңішкеруіңізге көметеседі. Әсіресе осы күнге дейін фигурасына мән бермей, алдына келген асты талғамай жейтін қыз-келіншектерге аталмыш жаттығудың берері мол.
Ол үшін еденге шалқаңыздан жатып, тізені бүгіңіз. Ал, қолды мойынға қоясыз да, екі аяқтың арасын қосып, оң жаққа қарай қисайтып, еденге дейін жеткізесіз. Осылайша 20 секунд тұрыңыз. Содан соң екі аяқты бірдей сол жаққа қарай қисайтып, тағы да 20 секунд тұру керек. Жаттығуды аяқтаған соң бастапқы қалыпқа келіңіз.
Ал, енді жаттығуды қиындата түсейік. Алдымен бастапқыдағыдай екі аяқтың арасын қосып оң жаққа қисайтасыз да сәл ғана көтеріп, қайтып түсіресіз. Жаттығуды 30 рет жасау керек. Бұл жаттығу арқа бұлшықетіне де айтарлықтай әсер етеді. Сосын жаттығуды сол жаққа жасайсыз.
4-жаттығу
Көктем мезгілінде нәзікжандылар арқасы ашық көйлектерді кигенді ұнатады. Міне, осындай кезде арқаңыздың тартымды көрінуі үшін жасалатын мынадай жаттығу бар екен.
Егерде жаттығуды дұрыс орындайтын болсаңыз, денеңіздің ауырсынғанын сезінбейсіз. Сондай-ақ, ішіңіздің де тартылғанын байқайсыз. Олай болса, жаттығуға көшейік.
Еденге етбеттеп жатыңыз. Қол мен аяқты еденнен көтеріп, қарынға күш саласыз. Жаттығу кезінде қолды да аяқты да барынша созған дұрыс. Кейін бастапқы қалыпқа келіп, жаттығуды 30 рет қайталайсыз.
Өзіңіз де байқап отырған боларсыз, бұл жаттығу тікелей арқаға әсер етеді.
5-жаттығу
Аталмыш жаттығу арқылы қол бұлшықеттерін нығайтып, тартымды ете түсеміз. Әсіресе осындай көктем мезгілінде көбіне қолымыз ашық жүретіндіктен, жаттығу жасаған артықтық етпес.
Еденге тізерлеп отырыңыз. Қолыңызға салмағы жеңілдеу галтелдер алып, екі қолды да иыққа дейін көтеріңіз. Артынша қайта түсіріп, бастапқы қалыпқа келесіз. Осылайша жаттығу 30-50 рет жасалуы тиіс. Сонда ғана сіз бұл жаттығудың нәтижесін байқай аласыз.
Жалпы бұл аптаға арналған жаттығу түрлері осындай болды. Көктемнің жайма-шуақ күндерінде қалаған көйлегіңізді киіп, жарасымды сәнге ие болу үшін бұл жаттығулардың бәрі де көмектеседі. Әйел затының сырт келбеті мінсіз болса, оның ішкі жан-дүниесі де тазара түседі. Бұл бастамасы ғана. Келесіде бұдан да қызықты әрі пайдалы жаттығуларды ұсынатын боламыз.
Құрманкүл Әти.
ERNUR.KZ