Жалпы сіз өміріңізде бір рет болсын секіргішпен секіріп көрдіңіз бе? Бұны сұрап отырған себебім, арықтауға арналған жаттығулар секіргішті пайдалана алатындарға арналған. Үйренемін дейтіндер болса, оларға да байқап көруге болады. Өйткені секіргіш – ең керемет үй жағдайына арналған кардиотренажер. Секірген уақытта сағатына 600-1000 ккал жоғалтуға мүмкіндік бар. Бұл нәтижені жүгіруден де артық дейді мамандар.
фото: goodfon.com

Кімдерге секіруге болмайды?
Дәрігерлер секіруді жүкті әйелдерге, 20 келіден аса артық салмағы барларға, буын ауруларымен ауыратындарға ұсынбайды. Сондықтан да жаттығуды бастамас бұрын өз денсаулығыңызды нығайтып алғаныңыз дұрыс.
Ендеше секіргішпен тез арықтағыңыз келсе, іске кірісіңіз. Ол үшін күн сайын 15-20 минутыңызды секіруге арнап, семіздіктен арылыңыз. Сонда бүкіл ағзаның қан айналымы жақсарып, май қабаттарының жылдамырақ «еруіне» көмектесе аласыз. Секіру кезінде мұрын арқылы тыныс алу керек. Жаттығулар нәтижелі болсын десеңіз берілген шарттарды қалтқысыз орындаңыз.
Төменде секіргішпен секірудің 30 күндік жоспарын ұсынып отырмыз. Ол бойынша секірудің саны күн сайын артып отырады. Әрине бұл сіз үшін қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ та бірден 400 рет секіруге қиналсаңыз, бір күнде төрт мезгіл 100 реттен бөліп секіруге болады. Міне, осылайша сіз күн өткен сайын мүсініңіздің сымдай тартылып келе жатқанының куәсі боласыз.
1-күн: 100 рет 2-күн: 130 рет 3-күн: 160 рет 4-күн: демалыс 5-күн: 200 рет 6-күн: 230 рет 7-күн: 260 рет 8-күн: демалыс 9-күн: 300 рет 10-күн: 330 рет 11-күн: 360 рет 12-күн: демалыс 13-күн: 400 рет 14-күн: 430 рет 15-күн: 460 рет | фото: socfit.info | 16-күн: демалыс 17-күн: 500 рет 18-күн: 530 рет 19-күн: 560 рет 20-күн: демалыс 21-күн: 600 рет 22-күн: 630 рет 23-күн: 660 рет 24-күн: демалыс 25-күн: 700 рет 26-күн: 730 рет 27-күн: 760 рет 28-күн: демалыс 29-күн: 800 рет 30-күн: 830 рет |
Құрманкүл Әти,
ERNUR.KZ