Әлемге әйгілі актриса сымбатын сақтау үшін не істейді?

0
3 331

"Фигура сақтауды" Кэмерон Диастан үйренуге болады. Ол өз кітаптарында салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанатынын айтқан.


Әлемге әйгілі актриса сымбатын сақтау үшін не істейді?

фото: sfw.so

Американдық актриса әрі сәнгер Кэмерон Диас қазіргі таңда екі кітаптың авторы. Ол 23 жылдан бері киноиндустрия саласында қызмет етіп келеді. Ал денсаулық пен сұлулық, салауатты өмір салты жайында 2013 жылдан бері кітап жаза бастаған. Міне, осы кітаптарында белгілі жұлдыз түрлі кеңестер беріп отырады. Қарапайым оқырманға Кэмерон Диастың дұрыс тамақтану мен сұлулық жайындағы әңгімелері қызықты болады деген ойдамыз.

фото: hangoutcloud.com


Дұрыс тамақтануға әдеттеніңіз!

«Таңғы ас – күні бойғы тамақтанудың ең маңызды бөлшегі. Өйткені біз ұйықтап жатқан уақытта бүкіл ағзамыз демалады. Қалыпқа келеді. Ал, төсектен тұрған бойда қимыл-қозғалыс басталатындықтан ағза міндетті түрде нәрлі азықпен, дәрумендермен қоректенуі керек. Сондықтан да таңғы асты ішу маңызды.

Таңғы асты өз қолыңызбен дайындап ішіңіз. Тағам тәтті-дәмділерден емес, толықтай денсаулыққа пайдалы азықтан тұруы керек. Сонда ғана ағзамыз энергиямен қанығып, белсенділігі арта түседі».


Тағам мәзірін түрлендіру керек

«Дұрыс тамақтанудың не екенін енді түсіне бастадым. Дұрыс тамақтану арқылы біз ағзаға қажетті энергияны сыйлайды екенбіз. Сол себепті де тағамды түрлендіріп отырамын. Мәселен, бүгін спортпен шұғылданатын болсам, көмірсуға бай тағамдарды пайдаланамын. Егер ауыр жаттығуларды орындайтын болсам, ақуызды таңдаймын. Ақуыздар бұлшықеттерді шымырландыра түседі».


Өзіңнің қалауыңды орындау да маңызды

«Мен өзімді арасында еркелетіп отырамын. Мысалы, бүгін қуырылған тауық жедім. Өйткені күн сайын ағзамды пайдалы тағаммен нәрлендіріп жүрмін. Таңертең асқабақ пен қызанақ салатын жесем, кешкілік уақытта қуырылған тағамды жеуге болады. Бұл ретте мен ештеңеге алаңдамаймын. Яғни, достарыммен бірге қалағанымды жей аламын».


Сұлулықты сақтаудағы 3 құпиясы


фото: i.ytimg.com


Күннен қорғану керек

«Жағажайларға көп баратындықтан маған күннен қорғануға тура келеді. Күннен қорғайтын SPF45 қорғаныс кремдерінен ақшамды аямаймын. Мұндай кремдер теріні күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайды».


Ұйқы – денсаулық пен сұлулық кепілі

Ұйқы жетіспеушілігінен терінің зардап шегуі мүмкін. Камерон Диас күніне 7-8 сағат ұйықтауға кеңес береді. Ұйқы қанбаудың салдарынан тері ауруларына шалдығу қаупі басым екен. Мысалы, теріге қышыма немесе қызыл безеулер шығуы мүмкін. Кешкілік уақытта жеңіл тамақтанып, ұйқыға жатқан дұрыс.


Медитация – стрестің емі

Біз адам болған соң жүйкемізді тоздырмай, уайымдамай тұра алмаймыз. Мұның бәрі сұлулығымыз бен жүйке жүйемізге тікелей кері әсерін тигізеді. Мысалы, үнемі стрестік жағдайда жүретін болсаңыз, шашыңызға ерте ақ түсуі ғажап емес. Ал, атақты актриса Кэмерон Диас мұндай жағдайларда трансценденталдық медитациямен айналысады екен. Жаттығулары да өте қарапайым әрі оңай.


Ең сүйікті жаттығулары

фото: pictures.


1-жаттығу

Орныңыздан тік тұрып, аяқтың арасын иық деңгейіне дейін ашасыз. Сосын алға қарай еңкейіп, қолмен еденді тірейсіз. Осы қалыппен қолды алға қарай жылжытасыз. Сонда қол мен аяқ арасында 90 градустық үшбұрыш пайда болады. Дәл осы қалыппен бірнеше секунд тұрып қалыңыз. Артынша қолмен артқа қарай жүріп, бастапқы қалыпқа келіңіз. Осылайша жаттығуды 10 рет қайталайсыз.


2-жаттығу

Еденге шалқалап жатып, тізені бүгіңіз. Содан соң оң тізені көкірекке қарай тартыңыз. Кейіннен аяқты қолмен қысу арқылы жамбасты еденнен көтеру керек. Жаттығуды ешбір тоқтаусыз 20 рет қайталайсыз. Екі аяққа да жасалады.

Енді жамбасты көтерген уақытта сол қалыпта тұрып қаласыз да, екінші аяқты созып, барынша жоғары көтересіз. Тек еденге параллель жатуын қадағалаңыз. Бұл жаттығуды да әрбір аяққа 10 реттен қайталаған дұрыс.


3-жаттығу (планка)

Қарапайым планканы орындаңыз. Сосын бір қолмен ғана планка жасайсыз. Бастапқы қалыпқа келіп, планкаларды 8 рет қайталау керек. Алғашқы планканы аяқтаған соң жаттығуды бір иықпен жалғастырасыз. Бірнеше секунд сол қалыпта тұрып, бөксені төмен түсіруге болады. Планканы әрбір жаққа 12 реттен қайталаңыз.

Кэмерон Диастың ұсынған аз ғана кеңесінен өзіңізге қажеттіні аларсыз деген ойдамыз. Ендеше денсаулық пен сұлулыққа көңіл бөлуді бүгіннен бастаңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: Бөксені қалыпқа келтіретін жаттығулар

Фитнеске баруға қорқасыз ба әлде ұяласыз ба?

Өмір бойы салмақ қосуға жол бермейтін диета