​Ваннадағы жаттығу арықтауды жылдамдатады

0
279

Эфир майларын қоссаңыз, стресс азайып, зат алмасу жақсарады.


​Ваннадағы жаттығу арықтауды жылдамдатады

Сурет: static.price.ru

Арықтау үшін ваннада жатып жасалатын жаттығулар релаксациямен қатар, жеңіл физикалық белсенділікке негізделген тәсіл. Мұндай жаттығулар денені босаңсытып, қан айналымын жақсартып, судың қысымы арқылы жеңіл массаж әсерін береді. Алайда, судың ішінде май жағып жіберу мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан бұл әдіс қосымша құрал ретінде қарастырылады.

1. Аяқпен итеру (жамбас жаттығуы)

Ваннада жатып, аяқтарыңызды тізеден бүгіп, ваннаның шетіне қойыңыз. Аяқты тіреуіш ете отырып, жамбасты сәл көтеріп, қайта түсіріңіз. 10–15 рет қайталаңыз.

2. Іш бұлшықетін тарту

Терең дем алып, ішіңізді қатты тартып, 10 секунд ұстап тұрыңыз. Демді шығарып, бұлшықетті босатыңыз. Бұл жаттығу ішке бағытталған және іш майын азайтуға көмектеседі.

3. Ваннада велосипед тебу

Шалқалай жатып, аяғыңызды судың бетінде көтеріп, велосипед тепкендей қимыл жасаңыз. 1–2 минуттай жасаңыз.

4. Қол жаттығулары

Қолыңызды екі жаққа созып, суды итеріп, тарту арқылы жеңіл қарсылықпен жұмыс істеңіз. Бұл қол бұлшықеттеріне пайдалы.

5. Аяқты көтеру

Аяғыңызды түзу күйінде көтеріп, 10 секунд ұстап тұрыңыз. Сосын екінші аяқпен қайталаңыз. 10 рет қайталау жеткілікті.

Қосымша кеңестер

  • Су жылы (37–39°C) болғаны дұрыс – бұлшықеттерді босаңсытады.
  • Жаттығудан кейін бір стақан су ішіңіз — бұл токсиндердің шығуына көмектеседі.
  • Эфир майларын (мысалы, лаванда, апельсин) қоссаңыз, стресс азайып, зат алмасу жақсарады.

Ескерту: егер қан қысымыңыз жоғары болса немесе жүрек-қантамыр жүйесіне қатысты ауруларыңыз болса, мұндай жаттығулар алдында дәрігермен кеңесу маңызды.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Оқтау - мүсініңізді «оқтай» қылады