Қуатталып тұрған ТЕЛЕФОНДЫ қолдануға БОЛМАЙДЫ! Неге?

0
7 719

Технологияның қарқынды дамуына қарамастан, телефондар мен қуаттағыштарды пайдалану туралы кейбір алаңдаушылықтар және ескертулер жойылар емес.


Қуатталып тұрған ТЕЛЕФОНДЫ қолдануға БОЛМАЙДЫ! Неге?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қуатталып тұрған телефонды пайдалануға бола ма? Бұл қандай жағдайға жеткізуі мүмкін?

Батареяның қызуы және оның салдары

Смартфон тұтынушылары өте жиі тап болатын жағымсыз жағдай – өз құрылғысындағы батареяның қызып кетуі. Ал қызып кетудің негізгі себебі – батареяның бір уақытта қуатталып, әрі қуат бөлуі. Яғни, смартфонды қуат көзіне қосып қойып, пайдаланған кезде. Оның қызуы неғұрлым жоғары болса, салдары соғұрлым жағымсыз жағдайларға соқтырады, мысалы:

• батарея немесе телефон ери бастауы мүмкін;

• батарея иесінің қолында тұрып жарылуы және дене мүшелеріне зақым тигізуі ықтмал;

• құрылғы жарамсыз болып қалып, оны жаңасына ауыстыруға тура келеді.

Ал, мынандай қарапайым ережелерді сақтай отырып, мұндай жағымсыз жағдайлардың алдын алуға болады:

1. Қуаттағыш түпнұсқа, нақтырақ айтсақ, белгілі бір телефон үшін арнайы жасалған «оригинал» немесе сапалы болуы керек. Ал, аты-жөні белгісіз компаниялардың арзан сымдары мен адаптерлерін қолданып, тіпті қуаттау кезінде телефонды қолданбасаңыз да жоғарыда аталған қолайсыз жағдайларға соқтыруы мүмкін.

2. Сіз таңдап жүріп сатып алған смартфон ақауы бар немесе белгісіз компанияның өнімі болмауы керек. Тиісінше жұртшылыққа танымал, тауары өтімді өндірушілердің телефонын қолдану тиімді. Бірақ, мықты брендті алдым деп қуаттаған кезде қолдана беруге болмайды.

3. Егер тұтынушы телефонның немесе қуаттағыштың сапасына сенімді болмаса, қуаттау кезінде телефондағы ойындарды немесе «ауыр» қосымшаларды істен шығарып қойғаны абзал. Жалпы, жайсыз жағдайлардың алдын алу үшін телефонды қуаттау кезінде пайдалану уақытын минимумға дейін азайту қажет.

Айта кетейік, телефонды да, оның қуаттағышын да ең мықты компаниялар шығарса, тоқ көзінде тұрған смартфонды пайдалану батареяға айтарлықтай зиян тигізбейді.


Қуаттау уақытының созылуы

Егер сіз телефонды бір уақытта қуаттап әрі ойын ойнау сынды әрекет істеп отырсаңыз, толық қуаттау уақыты артады. Ал, сапасы жоғары телефон мен қуаттағышқа келгенде бұл жағдай байқала қоймайды. Сондай-ақ, телефонның қуаты толған кезде тоқ көзіен ажыратып қойған дұрыс. Ол болуы мүмкін қауіптердің алдын алады.


Батареяның жарамсыз болып қалуы

Кей адамдар қуаттау кезінде телефонды пайдалану батареяның қызмет көрсету мерзімін қысқартады деп ойлайды. Алайда, қазіргі сапалы батареялар смартфонды бір уақытта қуаттауға және пайдалануға төтеп береді. Ал сапасы төмен құрылғыларға келгенде, сол адамдардың ойы іс жүзінде жүзеге асады.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» – телефонды қуаттау кезінде пайдалануға болады, егер ұялы смартфон да, қуаттағыш та танымал компания шығарған сапалы өнім болса. Ал тұтынушы телефонының аккумуляторы мұндайға шыдайтынына күмәнданып, қорқатын болса, телефонды қуаттау кезінде пайдалануды азайту керек, сонымен қатар көлемі үлкен және графикасы жоғары қосымшаларды өшіріп қою қажет.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз:


Тоқ көзінде қалған ТЕЛЕФОННАН ӨРТ ШЫҚСА не істеу керек?


Жаңа жылда ОТШАШУдың ОТСЫЗ-ақ ҚАУІПСІЗ түрін атуға болады