Тек косметика емес, заманауи гаджеттерді де қолдануға болады.
Көктемгі күн сәулесі басқа мезгілдермен салыстырғанда айтарлықтай зиянды. Себебі бұл мезгілде күн сәулесінің қарқындылығы тез артады. Қыс айларында адамдар көбінесе сыртта көп уақыт өткізбейіндіктен, тері күннің зиянды сәулелеріне бейімделмейді. Көктем шығып, тікелей түскен күн сәулесінің интенсивтілігі артқанда, теріміз оған толық дайын болмауы мүмкін. Салдарынан тері тез күйіп кетуі, пигментті дақтар немесе ерте қартаю белгілері пайда болады. Тіпті, кейін қатерлі ісікке ұласатын дақтар пайда болуы ықтималдығы бар. Сәйкесінше, әсіресе сәуір-мамыр айларында күн сәулесінен дұрыс қорғанбасаңыз, ұзақ мерзімді тері зақымдары мен денсаулық мәселелеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Күн сәулесінен қорғанудың кең тараған тәсілдері – кремдер мен лосьондар қолдану. Сонымен қатар, заманауи технологяиның мүмкіндіктері арқасында пайда болған күннен қорғайтын және қорғануды ескертіп тұратын гаджеттер бар.
My UV Patch
My UV Patch — La Roche-Posay күн радиациясының трекері – күннің белсенділігін өлшейді. Теріге жабыстырып қойылады. Теріге орналастырғаннан соң татуировкаға ұқсайды. Фотосезімтал материал сәуленің қарқындылығына байланысты түсін өзгертеді. Ультражұқа сенсорға қоршаған ортаны талдайтын және ақпаратты смартфонға немесе басқа құрылғыға жіберетін чиптермен толтырылған. Ал арнайы iOS және Android қолданбасы арқылы жеке ұсыныстар береді: күннен қорғайтын кремді жағуды еске салады немесе көлеңкеге барып саялау уақыты келгенін хабарлайды. Трекер ылғалға төзімді, сондықтан онымен жағажайдағы демалысқа да қорықай бара беруге болады.
Violet
techadvisor.co.uk
Келесі құрылғы-Violet-ультракүлгін сәулеленудің қарқындылығын ғана емес, сонымен қатар адам күн сәулесінде алатын D дәруменінің мөлшерін де өлшейді. Violet қолданбасы ауа-райы туралы ақпаратты талдайды және ол туралы мәліметті шағын маниторда көрсетеді. Қолданба мен құрылғыны бірге және бөлек пайдалануға болады.
Microsoft Band 2
i.ebayimg.com
Бұл – Microsoft Band 2 ақылды білезігі. Көпфункционалды фитнес-трекерде ультракүлгін сенсоры бар. Егер адам қауіпті сәуле аймағында болса, сигнал береді. Құрылғы сонымен қатар күннен қорғайтын кремді қолдану туралы ескертулер жіберіп, басқа да пайдалы кеңестер бере алады.
June
wired.com
Тағы бір ақылды құрылғы – Netatmo ' s June-гаджеттен гөрі әшекейге ұқсайды. Оны білезік ретінде киюге немесе киімге тағуға болады. June UVA және UVB деңгейлерін өлшейді және деректерді ұсыныстар пайда болатын арнайы мобильді қосымшаға жібереді.
CliMate
kickstarter.com
Миниатюралық құрылғы қоршаған ортаның күйін, соның ішінде ультракүлгін индексін бақылайды. CliMate-ты сөмкеге немесе киімге бекітуге болады және мобильді құрылғыға ақпарат алу кезінде әрқашан өзіңізбен бірге алып жүруге болады.
IOS және Android жүйелеріндегі қосымшада жеке ұсыныстар алу үшін қажетті мәліметтерді енгізу мүмкіндігі бар. Мысалы, қолданылатын SPF-кремнің түрі мен тері типі, басқа да денсаулық туралы мағлұматтар.
Stella
stellawearables.com
Stella білезігі қоршаған орта туралы ақпаратты, теріңіздің типі мен денсаулығыңыз туралы деректерді талдап, жеке кеңес береді. Күн сәулесі өткір жер мен мезгілде көлеңкеде болуды еске салады. Сонымен қатар, бұл трекер алынған D дәруменінің мөлшерін, физикалық белсенділік деңгейін, жұмсалған калория және ұйқының сапасын бақылап, ақпаратар береді.
Raymio
pinterest.com
Raymio жобасы да басқалар сияқты, мобильді қосымша мен киілетін құрылғыны қамтиды. Қолданбаны бөлек пайдалануға болады, ал Raymio білезігі сіздің күнге қатысты позицияңызды ескеретіндігімен ерекшеленеді. Егер басқа құрылғылар күн сәулесінің тікелей әсерін болжаса, онда Raymio оның орналасқан жерін талдайды және сәулелену деректерін реттейді.
Күннен қорғайтын киім
rei.com
Күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайтын киімдер синтетикалық және наноталшықтардан жасалады. Олар бір-біріне тығыз тоқылғандықтан сәулені аз өткізеді. Киімдер УФ қорғау коэффициенті (UPF) бойынша бағаланады. Мысалы, полиэстер мен мақта қоспасы UPF-50 дейін қорғауды қамтамасыз етеді. Фотоқорғаныштық киімдерде әдетте жарқын түстер қолданылады, себебі олар сәулелерді жақсырақ шағылдырады.
Киімдер UPF 30 немесе одан жоғары болуы керек, әрі екі жылдық сынақтан өтеді. Мысалы, REI Co-op компаниясы UPF 50+ қорғауды қамтамасыз ететін флис курткаларын шығарады.
Ақылды көзілдірік
ampere.shop
«Ақылды» көзілдіріктер ультракүлгін сәулелерінің көзге әсерін азайтып, катаракта сияқты аурулардың алдын алуға көмектеседі. Мұндай көзілдіріктер поляризацияланған линзалармен жабдықталған, олар шағылған жарықты сүзеді. Қазіргі таңда компаниялар түрлі жарық жағдайларына бейімделетін функциялары бар көзілдіріктерді шығара бастады. Мысалы, Ampere компаниясы Dusk атты көзілдірік моделін ұсынады, оның линзаларының күңгірттігін смартфондағы арнайы қосымша арқылы реттеуге болады. Сонымен қатар, линзалардың түсін қолмен өзгертуге де болады, ол үшін жақтауда арнайы түйме бар. Бұл көзілдіріктердің поляризацияланған линзалары UVA және UVB сәулелерін 100%-ға дейін блоктайды.
Дайындаған: Б. ЕРМАН,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
КӨКТЕМ мерекелерінде СЫЙЛЫҚҚА гаджет беріңіз: ең ҰТЫМДЫ 8 идея