Қытай смартфондарының ЗИЯНЫ КӨП пе?

0
6 138

Қытай смартфондарын жоғары сапалы, тиімді және арзан деп үш топқа бөлуге болады.


Қытай смартфондарының ЗИЯНЫ КӨП пе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі нарықта түрлі өндірушілердің смартфоны бар болғандықтан, таңдау да қиынға соғады. Өіміз де телефон алатын болсақ «Қытайдыңкі жақсы ма, әлде Жапондардыңкі дұрыс па?» деп ойланып қаламыз. Сөйтеміз де, бағасы арзандау болғасын амалсыздан қытайлық тауарды аламыз. Дегенмен, әрбір ел өндірісінің оң және теріс жақтары болады. Осы орайда «қытайлық компаниялар жасаған телефонды сатып алу кезінде нені ескеру керек?» деген сұраққа жауап іздеп көрдік.


Негізі Қытай өздерінің зауыттарында смартфондардың түрлі заманауи үлгілері өндірілетінін айтып мақтана алады. Расында бұл деректі ешкім теріске шығара алмайды. Өйткені қай дүкенге барсаңыз да қытайлық телефоннан көп құрылғы таба алмайсыз. Себебі, олардың дизайны тартымды әрі құны қолжетімді. Сондай-ақ, нарықтағы қытай смартфондарын жоғары сапалы, тиімді және арзан деп үш топқа бөлуге болады.


Әрине, сапалы смартфондарын алуға әжептәуір қаржы қажет. Дей тұрғанмен қытайдың ең қымбат құрылғыларының өзі орташа есеппен нарықтағы қымбат телефондардан арзандау түседі. Ал, арзандарын "екі рет төлеу" санатына жатқызуға болады. Өйткені, мұндай құрылғыларды жөндеу үшін басқа смартфон сатып алатындай көп ақша кетеді. Болмаса жаңасын сатып аласыз. «Екі рет төлеу» деп отырғанымыз сол.

Қытай өнімдерінің артықшылықтары

Қытайлық өнімдердің кемшіліктерін талқыламас бұрын, артықшылықтарын біліп алған жөн.

  • Қытайлық тауарлардың арасынан өте сапалы заттарды таба аласыз. Себебі, бұл елде тұтынушылар арасында беделге ие болған өндірушілер де бар. Мысалы, ZTE, Huawei, Lenovo сынды фирмалар сіздің теріс пікіріңізді жойып жіберуі мүмкін.
  • Қытайлық смартфондардың да кез келгеніне басқа елдің телефондары сияқты барлық қосымшаларды орнатып, еш қиындықсыз қолдана бересіз.
  • Смарфтон тақырыбына келгенде әлемдегі бүкіл өндірушілер камераның сапасымен бір-бірінен асып түсуге тырысады. Кезінде өнімдерінің камералары нашар болған қытайлықтар қазір бұл тұрғыдан да ешкімге дес бермейді.
  • Стильді дизайн. Қазіргі заманның кей адамдары үшін қолындағы құрылғының бағасынан сыртқы көрінісі маңызды. Тиісінше, қытайлық смартфондар дизайны жағынан да алда келеді.
  • Баға. Қытай техникасының арасында қымбат байланыс құралдары бар екенін айттық. Сондай-ақ, қытайлықтар сол қымбат құрылғысымен шамалас телефондарды арзан бағада да ұсынады.

Кемшіліктері

Аз ақшаға жақсы телефон сатып алу қаншалықты жағымды болғакнымен, оның бір кемшілігі болатынын ұмытпау керек. Сондықтан, телефонды сатып алмас бұрын, орын алуы мүмкін жағымсыз жәйттермен танысып алған дұрыс.

  • Кепілдік. Қытай өндірісінің барлық брендтері бұл қызметті ұсына бермейді. Сондықтан, мұндай телефондарды интернет-дүкендерден сатып алудың қажеті жоқ.
  • Жөндеу. Егер алпауыт брендтердің өнімдерінен мәселелер туындамаса, шағын фирмалардың телефондарын жөндету тиімсіз болады. Өйткені, бір жағынан оларды жөндеу қымбатқа түссе, екіншіден тез арада қайта бұзылуы әбден мүмкін.
  • Қытайлық смартфондардың арасында бағдарламалық жасақтамасы сапасыз құрылғылар да бар.
  • Тілін өзгерту. Егер сіз смартфонды тікелей Қытайдан алдырсаңыз, онда оның тілін түсінікті тілге ауыстыру сәтсіз болуы мүмкін.
  • Сенсорлық экранның сезімталдығы. Нашар жұмыс істейтін сенсорлық экран – Қытайдан шығатын арзан телефондардан жиі кездеседі. Ал, сенсорлық экранның самртфон үшін қаншалықты маңызды екенін білетін боларсыз.
  • Кейбір қытайлық смартфондарға стандартты құлаққаптар тура келе бермейді. Бұл жаһандық проблема болмаса да, жағымсыз екені белгілі.
  • Камера қорғанысы. Кейбір қытайлық смартфондардың камерасында қорғаныс әйнегі болмауы мүмкін. Мұның да тұтынушы үшін жағымсыз болатыны жалған емес.
  • Аксессуарларын табу қиын. Әрине, бұл кемшілік нарықтағы танымал бола алмаған брендтерге тән. Яғни, қытайдың көпшілікке таныла алмаған смартфондарына сай келетін қуаттағыш немес құлаққап сынды қажеттіліктерді іздеп таба алмауыңыз мүмкін.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: Биыл да ғаламат гаджеттер жарыққа шығады

Балаларды смартфоннан ажырату ҚИЫНДАП БАРАДЫ. Неге?