ПАУЭРБАНКтің сапалысын қалай таңдау керек?

0
1 021


ПАУЭРБАНКтің сапалысын қалай таңдау керек?

Қазір сауда нүктелерінен әртүрлі брендтер ұсынатын сыртқы қуат банктерінің сан алуан түрін таба аласыз. Баға саясаты да, сапа спектрі де өте кең. Қандайын таңдау керек? Неге мән беру қажет?

Сарапшылар тым арзан портативті батареяларға қызығудың қажеті жоғын айтады. Ол тез бзйлуы ммкін және бұл – болуы ммкін жағдайлар ішіндегі ең жақсысы. Жаманы, арзан пауэрбанктер өрт шығуына немесе ұялы құрылғының бұзылуына әкелуі ықтимал.


Сыртқы қуат банкін таңдау кезінде мыналарға баса мән беріңіз.

Сыйымдылық. Батарея сыйымдылығы мА*ч-пен өлшенеді. Сандық көрсеткіш әдетте шартты болып табылады, нақты көлем көрсетілгеннен 5–10% төмен болады. 2024 жылы орташа көрсеткіш 10 000 мА*ч құрайды, бұл смартфонды 2-3 рет зарядтау үшін жеткілікті. Егер сізге көбірек қажет болса, 20 000 мА*ч-тық нсқаларды іздеңіз. Мұндай қуат банктерінің салмағы 500–700 г шамасында болады және шағын, сөмкеде тасымалдауға ыңғайлы.

Корпустағы кіріс қосқыштары. Бұл батареяның өзін зарядтау үшін қажет қосқыштар. Әдетте бұл USB Type-C немесе микро USB. Бұрынғы айфондардыкімен сәйкес келетін Lightning түрлері де болады.

Корпустағы шығыс қосқыштары. Бұл зарядтау үшін құрылғыларды қосуға болатын қосқыштар. Әртүрлі смартфондарға қолдануды жоспарласаңыз, шығыс қосқыштарының бірнешеу және әртүрлі болғаны ыңғайлы.

Қуат. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тез зарядталады. 2024 жылғы стандартты 10–12 Вт-тан жоғары қуат деп санауға болады.

Функционалдық ерекшеліктері. Мысалы, қуат банкінде жылдам немесе сымсыз зарядтау функциясы болуы мүмкін. Бұл бір уақытта пауэрбанктің өзін және ол арқылы басқа құрылғыны зарядтау мүмкіндігіне берілген атау.

Салмақ. Қуат банкін көп жағдайда қалтаға не сөмкеге салып, өзімен алып жүру үшін іздейді. Сондықтан, оның салмағына да мән беру керек. Әдетте салмағы 200-300 г болатын түрлері ыңғайлы.


2024 жылғы 4 үздік қуат банктері

  • Пауэрбанк Xiaomi Mi Power Bank 3 Ultra Compact

Бұл құрылғы қалтаға салып жүруге ыңғайлы. Сыйымдылығы10 000 мА*ч. Корпустағы кіріс қосқыштары: USB Type-C, micro USB шығыс қосқыштары: USB Type-A, USB Type-C. Қуаттылығы – 22,5 Вт. Функционалдық ерекшелігі – жылдам зарядтау, салмағы – 200 гр.

Пауэрбанк Xiaomi Mi Power Bank 3 Ultra Compact – сенімді брендтің өнімі әрі ең арзан нұсқалардың бірі. Бұл смартфонды 2-3 толық зарядтауға жеткілікті ықшам және жеңіл портативті батарея. Алайда, планшеттің немесе ноутбукті қуаттау іздеген болсаңыз, басқа түрлерін қарастыруға тура келеді.


  • Пауэрбанк Xiaomi Redmi Fast Charge Power Bank

Көптеген қолданушылардың оң пікіріне ие модель. Батареяның сыйымдылығы: 20 000 мА*ч. Корпустағы кіріс қосқыштары: USB Type-C, micro USB, шығыс қосқыштары: USB Type-A. Қуаты: 18 Вт. Жылдам зарядтау функционалды мүмкіндігіне ие. Алайда салмағы ауыр, 445 г.


  • Пауэрбанк Tecno TPB-P203

Классикалық дизайндағы заманауи құрылғы бағасы қолжетімді, сыйымдылығы жоғары нұсқа іздегендерге таптырмас үлгі. Аккумулятор сыйымдылығы – 20 000 мА*ч, қуаттылығы – 22,5 Вт. Жылдам қуаттау және өтпелі заряд функиялары бар. Салмағы – 410 грамм. Бл пауэрбанкты планшетті қуаттау үшін еш қорықпастан алуға болады, планшетті бірнеше рет толық қуаттауға және смартфонды толықтыруға жеткілікті.


  • Пауэрбанк Romoss PEA60

Саяхаттауды, мол қуатты жақсы көретіндер үшін ең үздік нұсқа. Аккумулятор сыйымдылығы – 60 000 мА*ч, қуаттылығы – 22,5 Вт. Салмағы ғана көңілге қаяу түсіруі мүмкін – 1322 грамм.

Сыйымдылығы үлкен, салмағы да едәуір болып келетін бұл қуат банкі ұзақ сапарға немесе демалысқа барғанда өз пайдасын тигізеді. Онымен бірнеше құрылғыны бірден зарядтауға болады.

Әрине, сауда нүктелерінен бұдан да басқа көптеген түрлерін таба аласыз. Сізге ұнайтын үлгі де басқа болуы әбден мүмкін. Бастысы, өз керегіңізді тауып, барлық уақытта байланыста болуыңыз.

Аударған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

AliExpress-тен АРЗАНҒА сатып алуға тұрарлық 6 ТАУАР