BMW жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюрге шығып кеткен және аялдамада тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып өткен.
фото: видео кадры
ERNUR.KZ. 3 желтоқсанда Алматыдағы Абай мен Алтынсарин қиылысында жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, көлік аялдамаға кіріп, қоғамдық көлікті күтіп тұрған адамдарды қағып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты сағат 14:00-де Әуезов ауданында болған. BMW жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюрге шығып кеткен және аялдамада тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып өткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.


