Олар сіз жайлы аналитикалық деректерді жинауы мүмкін.
Сурет: avatars.dzeninfra.ru
Жаңа телефон сатып алғанда тап-таза Android немесе iOS жүйесінің орнына, онымен бірге біршама қажетсіз «қоқыс» келеді. Айтып отырғанымыз – жүйені баяулататын, батареяны тез таусатын әрі деректеріңізді жинайтын, алдын ала орнатылған қолданбалар. Қайсыларынан бірінші кезекте құтылу керегін бірге анықтап көрейік!
Алдын ала орнатылған ойындар
Смартфон өндірушілер ойын немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушылармен серіктестік жасайды. Сол себепті олар құрылғы жадысына алдын ала орнатылады. Мысалы, Asphalt 9, Candy Crush Saga сияқты ойындар. Бұл қосымшалар жадыны толтырады. Кейбірі фондық режимде жұмыс істейтіндіктен, батареяны тауысады. Көп жағдайда жарнама көрсетуінің себебі де бола алады. Сіз оларды қолданбасаңыз да, олар жүйені баяулатып, аналитикалық деректерді жинауы мүмкін.
Жадты тазартқыштар мен «жұмысты оңтайландырғыштар»
«Clean Master», «DU Speed Booster», «360 Security» сияқты қосымшалар телефоныңызды жылдамдатуға уәде береді, бірақ шын мәнінде зиян келтіреді. Қазіргі Android және iOS жүйелері жадты өздері-ақ тиімді басқарады. Ал «тазартқыштар» жүйеге артық жүктеме түсіреді, жарнама көрсетеді және кейде құрылғыны одан бетер баяулатуы мүмкін. Олар фондық процестерді күштеп жауып, мессенджерлерден хабарламалар уақытында келмеуі сияқты мәселелер тудырады.
Құрылғы жадын қолмен тазарту әлдеқайда тиімді: Баптаулар → Жад (Хранилище) бөліміне кіріп, кэшті сол жерден тазартуға болады.
Android жүйесіндегі смартфондар Google-дың бірқатар қосымшалары алдын ала орнатылған күйде келеді. Бірақ құрылғы иелерінің басым бөлігі олардың бәрін бірдей қолдана бермейді. Смартфон жұмысына қандай да бір кесірі тие ме деп өшіріп тастаудан да аяқ тартады. Ал қосымшалардың жартысынан көбі құрылғы жадынан орын алып, қуатының тез таусылуына әсер етіп босқа тұрады. Сондықтан мұндай қосымшаларды өшіріп тастаған абзал.
Қай қосымшаларды өшіру қауіпсіз, құрылғы жұмысына мүлде қатысы жоғын қарастырайық.
Google Фото
Бұл қосымша фотосуреттерді автоматты түрде Google-бұлтқа жүктейді. Бірақ қолданушылардың көпшілігі мұндай сақтау қоймасы бар екенінен де хабарсыз немесе білсе де, қолданбайды. Егер фотоларыңызды «Галереяда» ғана сақтағанды жөн көрсеңіз, Google Фото-ны өшіре аласыз. Оны өшірген жағдайда құрылғы жадында сақталған фото-бейнежазбалар жойылмайды. Бірақ автоматты синхрондау тоқтайды.
Google Музыка (YouTube Music)
Бұрын бұл бөлек қызмет болған, қазір оны YouTube Music ауыстырды. Егер жазылымыңыз болмаса немесе басқа музыкалық қосымшаларды (мысалы, Spotify, VK Музыка) қолдансаңыз, бұл қосымшаны өшіруге болады.
Жергілікті музыкалық файлдар басқа ойнатқыштар арқылы қолжетімді болады. Жазылымыңыз болса, браузер немесе YouTube қосымшасы арқылы тыңдай аласыз.
Сурет: avatars.dzeninfra.ru
Google Фильмдер (Play Movies & TV)
Фильмдерді жалға алып көруге немесе сатып алуға арналған қызмет. Егер Netflix, IVI сияқты платформаларды пайдалансаңыз немесе ақылы контентті қолданбасаңыз, бұл қосымша да қажет емес.
Google Жаңалықтар
Сіздің қызығушылықтарыңызға қарай жаңалықтар жинайтын агрегатор. Егер жаңалықтарды браузер арқылы немесе басқа қосымшалармен оқысаңыз (мысалы, Яндекс.Жаңалықтар), бұл қызметті өшіруге болады.
Google Жаңалықтар қосымшасын жойғанмен, құрылғыда маңызды ештеңе өзгере қоймайды. Жаңалықтарды Google іздеу жүйесі немесе БАҚ сайттары арқылы қалаған уақытта қарай аласыз.
Google Подкасттар
Подкаст тыңдауға арналған қызмет. Егер Spotify, Castbox немесе YouTube қолдансаңыз, бұл қосымша артық. Подкасттарды басқа платформалардан тыңдай аласыз. Көптеген авторлар эпизодтарды бірнеше қызметке жүктейді.
Google Duo (Meet)
Бейнеқоңырау үшін жасақталған қосымша. Егер бұл мақсатта Zoom, Telegram немесе WhatsApp қолдану ыңғайлырақ деп тапсаңыз, бұл қосымша да қажет емес.
Google Аудармашы
Негізінде өте пайдалы құрал. Бірақ смартфон қолданушыларының көбі аударма жасау үшін бұл қосымшаны емес, бірден Google іздеу жүйесін пайдаланады екен. Егер сіз де соалй ететін болсаңыз немесе DeepL немесе Яндекс.Аудармашы, т.б. қолдансаңыз, бұл қосымшаны жоюға болады. Қосымшаны өшіргенмен, браузердегі Google Аудармашы жұмысын тоқтатпайды.
Google Карталар
Тамаша навигатор. Бірақ оған қарағанда Яндекс.Карта немесе 2GIS қолдану ыңғайлырақ болса, біреуін ғана қалдыру жеткілікті.
Google Ассистент
Дауыстық көмекші пайдалы болуы мүмкін, бірақ бәріне бірдей қажет емес. Егер қолданбасаңыз, оны да өшіріп қойыңыз, батареяны үнемдейді.
Көптеген Google қосымшаларын баламалармен ауыстыруға немесе браузер арқылы қолдануға болады. Ең бастысы, жоймас бұрын, олардың маңызды функциялармен (мысалы, аккаунт немесе синхрондау) байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз.
Сіздің де құрылғыңызда бұл қосымшалар қолданыссыз тұрса, оларды өшіру арқылы жадыны босатып, жұмысын жылдамырақ ете аласыз.
«Баптаулар» бөліміне кіріп, «Қолданбалар» тізімінен аталған қосымшаларды тауып алып, жоюға болады. «Жою» мүмкін болмаса, тым болмаса жұмысын «өшіріп» қоя аласыз.
Аударған: Б. Мейірханұлы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: