​Ыдыс жуудан жалықсаңыз, мына құрылғы құтқарады

0
205

Уақыт өткен сайын тұрмысты жеңілдететін технологиялар да дамуда.


​Ыдыс жуудан жалықсаңыз, мына құрылғы құтқарады

Сурет: avatars.dzeninfra.ru

Тамақтанып болған соң бір сәт демалып, тынығып алғың келеді. Алайда бұл жоспарға кедергі болатын бір жағымсыз мәселе бар, ол – қолданылған ыдыс-аяқты жуу. Әсіресе әйелдер қауымы үшін бұл жұмыс күн сайын қайталанып, кейде тәулігіне бірнеше рет орындалатындықтан, өзінен-өзі шаршататын бейнетті шаруаға айналады.

Уақыт өткен сайын тұрмысты жеңілдететін технологиялар да дамуда. ХХІ ғасырда үй шаруасын атқарудың көптеген түрі автоматтандырылды, солардың бірі ыдыс жуу процесін атқаратын машиналар. Мұндай құрылғылар қол күшін үнемдеп қана қоймай, суды да аз жұмсайды және ыдыстарды әлдеқайда таза етіп жуады.

Солардың ішінде биыл жарық көрген Xiaomi компаниясының Mijia S10 атты шағын үстелүсті ыдыс жуу машинасы ерекше назар аударарлық. Бұл құрылғы күнделікті тұрмыста жиі кездесетін «ыдыс жуу» проблемасын толықтай шешіп, адамның уақытын да, күшін де үнемдеуге мүмкіндік береді.

  • Құрылғы корпусының ені небәрі 35 см. Сондықтан асүйі тар кісілер үшін тамаша шешім. Өлшемі кішкентай болғанына қарамастан, оған 16 адамның ас ішкен жеке ыдыстары сыяды. Бұл оны үлкен отбасылар немесе жиі қонақ шақыратындар да еш қорықпастан ала беруіне болады. Көлемі шағын болғанымен, жан-жақты жетілдірілген функциялары құрылғыны таптырмас көмекші етеді.
  • Mijia S10-да бес деңгейлі тазалау жүйесі бар. Соның арқасында ол өте майлы ас салынған немесе кірі біраз уақыт тұрып қалған ыдыстарды да мұқият жууға мүмкіндік береді. Қуатты су ағыны ең қиын деген жерлерге еніп, тағам қалдықтары мен майды тиімді жояды.
  • Сондай-ақ Mijia S10 ыдыстардың кір деңгейін өзі анықтап, жуғыш құралдың қажетті мөлшерін автоматты түрде реттейді. Бұл артық шығынды болдырмауға және оңтайлы тазалық нәтижесіне қол жеткізуге көмектеседі.
  • Жүйе су шығынын да жасанды интеллект көмегімен жұмсайды. Бұл құрылғыны экологиялық әрі үнемділік жағынан құнды етедіү. Әсіресе ғаламдық су қорының азайып жатқаны үшін қатты алаңдайтын, табиғатқа қамқорлық жасауды таңдайтындар үшін маңызды.
  • Жүйе 75°C-қа дейінгі жоғары температураны пайдаланып, қарқынды жуу жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл бактериялар мен микробтарды жоюға көмектесіп, ыдыстардың гигиенасын қамтамасыз етеді.
  • 115°C-қа дейінгі жоғары температураны қолдана отырып, ыдыстарды кептіріп, залалсыздандырады. Бұл 99,9999% деңгейіндегі дезинфекцияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Пайдаланушылар ыдыс түріне және ластану деңгейіне қарай әртүрлі жуу режимдерін таңдай алады, бұл процесті икемді әрі жеке қажеттіліктерге бейімделген етеді.
  • Осылайша, Mijia S10-дағы бес деңгейлі тазалау жүйесі жоғары тиімділікті, ресурс үнемдеуді және ыңғайлы қолдануды қамтамасыз етеді, бұл оны заманауи асүйлер үшін тамаша таңдау етеді.
  • Mijia S10 машинкасын Xiaomi қосымшасы арқылы басқаруға болады. Ол арқылы пайдаланушы жұмыс режимдерін қашықтан баптап, жуу процесін нақты уақыт режимінде бақылай алады.

Көпбалалы отбасыларға да, жұмысы тығыз жастарға да, тазалыққа мән беретін кез келген адамға да өте қолайлы бұл техника заманауи өмірдің нақты қажетіне айналған инновациялық шешім. Xiaomi-дің жаңа үлгісі үй шаруасын жеңілдетіп қана қоймай, тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Аударған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Алаяқтың сансыз қоңырауынан қалай сақтанамыз?

Виброплатформа шынында салмақ тастауға көмектесе ме?