1 қыркүйек - демалыс: министр сабақ қашан басталатынын айтты

0
198

1-сыныпқа баратын балалар үшін 1 қыркүйекті өткізуге рұқсат берілді.


1 қыркүйек - демалыс: министр сабақ қашан басталатынын айтты

фото:Sputnik

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев биыл демалысқа түсетін 1 қыркүйек - білім күні қалай өтетінін айтты, деп жазады sputnik.kz.
Биыл Конституция күні сенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты демалыс дүйсенбіге - 1 қыркүйекке ауыстырылып отыр. Сондықтан биыл жаңа оқу жылын 2 қыркүйекте бастауға шешім қабылданды.
“2 қыркүйектен негізгі сабақтар басталады. Бірақ бірінші сыныпқа баратын балалар үшін 1 қыркүйектің символдық мәні бар. Ата-аналар оны да айтқан. Сондықтан әрбір мектептің педагогикалық ұжымы шығарған шешімі негізінде бірінші сыныпқа баратын балалар үшін 1 қыркүйекті өткізуге рұқсат беріп отырмыз. Ал жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады”, - деді Бейсенбаев үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, былтыр 1 қыркүйек жексенбіге түскен. Сол кезде бірінші қоңырауға арналған шараға мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған оқушылар мен 11-сыныпқа өткен оқушылар қатысты.