Көлік құралдарына салынатын салық қарызы 27,9 млрд теңгеге жетті.
ERNUR.KZ. 1 миллионнан астам қазақстандықтың мүлік және көлік құралдары салықтары бойынша жалпы сомасы 29,1 миллиард теңгеге қарызы бар, деп жазады Azattyq Ruhy.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, борышерлер көлік құралдарына салынатын салық бойынша 27,9 млрд теңгеге қарызы бар.
«Осы жылдың 26 мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезінде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін», - делінген комитет хабарламасында.
Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.
Салықтар бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының → Электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу көмегімен тексеруге болады.