1-сынып оқушылары математиканы аптасына 5 сағат оқиды - Чокушева

0
1 214

Алдағы оқу жылында 1-сыныптарда математикадан оқу жүктемесі 1 сағатқа, ал келесі оқу жылында 2-сыныптарда ұлғайтылады.


1-сынып оқушылары математиканы аптасына 5 сағат оқиды - Чокушева

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әлия Чокушева 2022-2023 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы дөңгелек үстел барысында айтты, деп жазады baq.kz.

"Алдағы оқу жылында 1-сыныптарда математикадан оқу жүктемесі 1 сағатқа, ал келесі оқу жылында 2-сыныптарда ұлғайтылады. Осылайша бұл сыныптарда математика сабақтары күн сайын өткізіледі. Мысалы, бұрын 4 сағат болса, қазір 5 сағат. Бұл балалардың математикалық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді",- деді Чокушева.

Ол атағандай, тағы да бір маңызды өзгеріс - Өзін-өзі тану пәні.

"Бұл пән алдағы оқу жылынан бастап барлық деңгейдегі үлгілік жоспарлардан алынады. Осы пәннің сағаттары 1-11 сыныпқа дейін вариативті компонентке ауыстырылады. Алдағы оқу жылының тағы бір ерекше тұсы бар. Нақтырақ айтқанда, 5-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізіледі. Бұл курс барлық оқушыға міндеттеліп, арнайы 1 сағат көлемінде өтеді. Курстың мақсаты - білім алушылардың зерттеу, талдау, дәлелдеу, зерттеу дағдыларын дамыту. Сондай-ақ бұл жеке пән емес, курс ретінде қарастыралады. Курс арнайы бөлімдерден тұрады",- деді Чокушева.