15 миллиард теңгеге алдаған: Қазақстандағы қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Қырғызстанға қашып, адам өлтірген

0
150

Көрші мемлекет аумағында жазасын өтегеннен кейін күдіктіні Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жаза күтеді.


15 миллиард теңгеге алдаған: Қазақстандағы қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Қырғызстанға қашып, адам өлтірген

ERNUR.KZ. Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны қазақстандықты қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қырғызстаннан елге экстрадициялады. Алайда ол Қырғызстанда да қылмыс жасағандықтан, оны қайтарады, деп жазады Stan.kz.


2017-2020 жылдар аралығында қылмыстық топ Қазақстанда "QI-Trade" қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 4,7 мыңнан астам салымшының 15 миллиард теңге қаражатын заңсыз иемденген.

“Қылмыстық топтың кейбір мүшелері сотпен әртүрлі жазаға тартылған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Іздеуде бола тұра, ол Қырғызстанда кісі өлтіру қылмысын жасап, қырғыз сотымен сотталды”, – делінген хабарламада.

Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол уақытша ұстап берілді, ал қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаннан кейін Қырғыз Республикасына қайтарылады.

Көрші мемлекет аумағында жазасын өтегеннен кейін күдіктіні Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жаза күтеді.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін бас прокуратура осы қылмыстық топтың екі мүшесін Ресей мен Польшадан экстрадициялап, олар қазір әртүрлі жылдарға бас бостандығынан айыруға сотталған.