17 жастағы қазақ қызы IELTS емтиханынан әлемдік рекорд орнатты

0
123

Бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ы ғана қол жеткізе алады.


17 жастағы қазақ қызы IELTS емтиханынан әлемдік рекорд орнатты

Фото: @saya.kidirali

ERNUR.KZ. Сая Қыдырәлі ағылшын тілінен халықаралық емтиханда ең жоғары 9 ұпай жинап, әлем рекордын орнатты, деп жазады inbusiness.kz.

Ресми статистика бойынша, бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ы ғана қол жеткізе алады.

Сая Қыдырәлі қарапайым отбасыда дүниеге келген.

"Ағылшын тілін 6-сыныптан үйрене бастадым, 9-сыныпта сабақ бердім. Ал 11-сыныпта алғашқы IELTS-ты тапсырып, бар болғаны 6,5 балл жинадым. Сосын анам ренжігендей болды. Өйткені ол менің кітаптарыма және IELTS тапсыруыма ақша төлеу үшін төрт мезгіл бойы бір кроссовка киіп жүрді. Одан кейін талай биіктерге жеттім. Бірақ бұдан да үлкен жетістікке жететінімді сездім. Сол күн де келіп жетті. Мұны ақырында жасадым. Мен 9.0 баллмен әлемдегі ең жас IELTS сарапшы атандым", – деді ол.