179 мың астаналық лицензиясы мен құрал-жабдығы жоқ емханаларға бекітілген

0
441

Олардың жеке орындары мен медициналық жабдықтары жоқ.


179 мың астаналық лицензиясы мен құрал-жабдығы жоқ емханаларға бекітілген

ERNUR.KZ. Астанада 179 мың адамға қызмет көрсететін екі ірі міндетті медициналық сақтандыру ұйымы тексерілді. Олардың жеке орындары мен медициналық жабдықтары жоқ болып шықты, деп жазады sputnik.kz.

“Ұлттық қор қаражаты жүйелі түрде игерлімей отыр. Аудит жүргізілетін кезеңде кепілдендірілген және нысаналы трансферттер шеңберінде 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда 13 млрд теңге немесе 26%-ы игерілмеген. Астанада МӘМС шеңберінде екі ірі қызмет көрсетушіге бақылау тексерісі жүргізілді, оларға 179 мың адам бекітілген. Бірақ олардың жеке орындары мен медициналық жабдықтары жоқ. Оларды сағаттап жалға алып отырған жағдайлар да кездеседі”, - деп хабарлайды Жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметі.

Бұл қызмет көрсетуші ЖШС-лардың бірқатар клиникасында жекелеген қызмет түрлеріне лицензиялары және өздігінен қозғала алмайтын азаматтарды қабылдауға арналған пандустары жоқ.

Отырыс барысында Әлихан Смайылов медициналық сақтандыру қоры бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына сапалы бақылауды қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті.
"Мұны қолмен емес, автоматтандырылған түрде жасау керек. Қордың тәуекелдерді басқарудың өзіндік жүйесі болуы тиіс, оның негізінде көрсетілетін қызметтердің сапасына, өндірістік базаның, жабдықтардың, тиісті медициналық лицензиялар мен рұқсаттардың болуына мониторинг жүргізу қажет", — деді жоғары аудиторлық палата төрағасы.