2 млн теңге тұратын онкология дәрісі тегін дәрілер тізіміне енді

0
1 285

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмек тізімін реттеді.


2 млн теңге тұратын онкология дәрісі тегін дәрілер тізіміне енді

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы отырысында бірқатар онкологиялық дәрі-дәрмекті, оның ішінде құны 2 млн теңге тұратын "Дабрафениб" дәрісін амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмек тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды, деп жазады Zakon.kz.

"Бұл норма пациенттерге аталған дәріні дәрігердің тағайындауымен дәріханалар арқылы алуына мүмкіндік береді", – делінеді хабарламада.

Бірыңғай дистрибьютор "Дабрафениб" ("Тафинлар") онкологиялық дәрісінің медициналық ұйымдар мәлім еткен жылдық көлемін сатып алып қойды. Ол бекітілген кесте бойынша өңірлерге таратыла бастайды.

Бұған дейін Тафинлар (Дабрафениб) дәрісі тегін дәрі-дәрмек тізімінде болмаған еді.