20 мамырдан бастап референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімін көруге болады

0
920

Республикалық референдумға әлемнің 51 еліндегі қазақстандықтар қатыса алады.


20 мамырдан бастап референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімін көруге болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 11 млн астам адам республикалық референдумға қатыса алады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне 11 млн 695 мың 439 азамат енгізілген. Қазірдің өзінде республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасауға негіз бар. Оған азаматтардың сәуір-мамыр айларындағы көші-қон динамикасына және олардың берген өтініштерін ескеруге байланысты нақты түзетулер енгізу қажет», - деді Константин Петров Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста.

Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін әкімдіктер жасайды.

«Референдумның әрбір учаскесі бойынша республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін тиісті әкім дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, яғни 15 мамырда акт бойынша референдумның сайлау комиссиясына ұсынады. Дауыс беруге он бес күн қалғанда, яғни 20 мамырдан бастап тиісті сайлау комиссиялары тізімді сайлаушыларға ұсынады», - деді К. Петров.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда өтетін республикалық референдум комиссияларының қызметі туралы қаулы қабылдады. Үгіттеу жұмыстары референдум тағайындалғаннан сәтте басталып, дауыс берудің аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 2022 жылы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады.

Референдум кезінде эпидахуал нашарлаған жағдайда Ashyq жобасы қолданылады.

Республикалық референдумға әлемнің 51 еліндегі қазақстандықтар қатыса алады.