Біртұтас ұлттық тестілеуді жылына 5 рет тапсыру мүмкіндігі бар.
Фото: Национальный центр тестирования
ERNUR.KZ. Бүгін, 2025 жылғы 15 желтоқсанда, Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) келесі жылы ҰБТ тапсыратын түлектерге маңызды ақпаратпен бөлісті, деп жазады zakon.kz.
Оларға біртұтас ұлттық тестілеуді жылына 5 рет тапсыру мүмкіндігі бар екені ескертілді:
- қаңтар, наурыз, тамыз – ақылы негізде қабылдау үшін (3 рет);
- негізгі тестілеу (мамыр–шілде) – грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде қабылдау үшін 2 рет.
Кім қатыса алады?
- Осы жылғы мектеп бітірушілер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Жоғары оқу орнына шартты қабылданғандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Колледж бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Алдынғы жылы мектеп бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Қазақ ұлтының шетелдік азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
- Шығармашылық мамандық студенттері, басқа мамандыққа ақылы негізде ауысқысы келетіндер – қаңтар, тамыз;
- "Педагогикалық ғылымдар" мамандығына ақылы негізде ауысқысы келетін студенттер – қаңтар, тамыз.
2025 жылғы 12 қарашада 2026 жылы қабылдау үшін ҰБТ межелік баллдары жарияланған болатын.


