2026 жылы Tax free жобасы Қазақстанының 20 қаласына енгізіледі

0
90

Бұған дейін Tax Free пилоттық жобасының мерзімі ұзартылатынын жазған едік.


2026 жылы Tax free жобасы Қазақстанының 20 қаласына енгізіледі

Фото: shutterstock.com

ERNUR.KZ. Шетелдік туристердің Қазақстанның үш ірі қаласында сатып алған тауарына салық жеңілдігін ұсынатын Tax free жобасы бүкіл облыс орталықтарына енгізіледі. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inform.kz.

- Иә, бұл – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Ілкі жоба ретінде үш қалада іске қосқан болатынбыз. Қазір ережеге басқа қалаларды да қоспақшымыз. Пысықтап жатырмыз, жақын арада қалай кеңейткенімізді хабарлаймыз. Біз бүкіл облыс орталықтарын осы жобаға қосқымыз келеді. Сонда 20 қала болады, - деді Ержан Біржанов.

Бұған дейін Tax Free пилоттық жобасының мерзімі ұзартылатынын жазған едік.
Tax Free пилоттық жобасы Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік туристерді тарта отырып, келу туризмін дамыту және кәсіпкерлік субъектілерінің айналымын арттыру мақсатында туристерге (шет мемлекеттердің азаматтарына) тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кемінде 20 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде ҚҚС сомасын өтеуді көздейді.