2026 жылы ҰБТ тапсыратындарға маңызды мәлімдеме таратылды

0
134

Бұл тестілеуге 187 мыңға жуық өтініш қабылданды.


2026 жылы ҰБТ тапсыратындарға маңызды мәлімдеме таратылды

фото: Национальный центр тестирования

ERNUR.KZ. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы қаңтар айында ҰБТ тапсыратын талапкерлерге маңызды ақпар таратты, деп жазады zakon.kz.

Түлектерге ҰБТ-да ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары жайлы мәлімденді.

"Достар! Сіздердің өтініштеріңізді ескере отырып, 2026 жылғы қаңтар айындағы ҰБТ-да ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары туралы ақпарат ұсынғымыз келеді",- делінген ақпаратта.

Сурет: Telegram/uto92

Бұл тестілеуге 187 мыңға жуық өтініш қабылданды.

"Бейіндік пәндер мен тестілеу тілін өзгерту сіздің тестілеу күніңіз басталғанға дейін 24 сағат ішінде қолжетімді",- деп мәлімдеді ведомство.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, шығармашылық ББТ-дан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.