211 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген

0
2 531

Өткен тәулікте елімізге 3 640 жолаушы ұшып келді.


211 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген

16 наурыз күні Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен бір тәулікте елімізге 3 640 жолаушы ұшып келді. Олардың 3 429-ында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 211-і анықтамасыз келді, барлығы - ҚР азаматтары.

Атап айтқанда:

- Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 366 жолаушы, анықтамамен – 2 195, анықтамасыз - 171;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 584 жолаушы, анықтамамен - 568; анықтамасыз - 16;

- Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 543 жолаушы, анықтамамен - 519; анықтамасыз - 24;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.


«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді комитеттен.


Сондай-ақ 15 наурыз күні шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 150 азаматының ПТР-талдау нәтижесі дайын болған. Оған сәйкес, ешбір жолаушыда коронавирус анықталмады.