225 мың медицина қызметкерінің жалақысы көбейеді

0
1 862

Медициналық қызметкерлердің жалақысын 1 шілдеден бастап 30% көтеріледі.


225 мың медицина қызметкерінің жалақысы көбейеді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласында төмен жалақы алатын медицина қызметкерлерінің жалақсы көбейетінін айтты, деп жазады BAQ.KZ

"Осы тапсырма бойынша бүкіл мейірбикелер, төменгі деңгейдегі медициналық қызметкерлердің жалақысын 1 шілдеден бастап 30% көтереміз. Сонымен қатар кейбір жоғары сұраныстарға ие дәрігер мамандар, алғашқы медициналық көмек беру, учаскелік дәрігер, педиатрлар, сонымен қатар перзентханада жұмыс істейтін акушер-гинекологтар, жедел жәрдем дәрігерлердің жалақысын көейтуді жоспарлап отырмыз. 1 шілдеден бастап 225 мың медициналық қызметкердің жалақысы көбейеді", - деді Біртанов.

Министр алғашқы медициналық көмек, яғни емханалардың қолжетімділігін көтеру бағыты бойынша атқарылатын шараларды атады.

"Жәй азамат учаскелік дәрігеріне жетуі үшін орташа 40 минут керек. Жоспарымыз үш жылда 600 жуық алғашқы медициналық көмек мекемесі ашылады. Оның көбісі ауылдық жерде болады. Үш жыл ішінде ауыл тұрғындарының қолжетімділігін 100 пайызға шешеміз. Соңғы мәселе – инфрақұрылым жағдайы. Көп аурухана, медициналық мекеменің тозығы жеткен. Көп жағдайда күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы салаға елбасының тапсырмасы бойынша 120 млрд теңге инвестициялау жоспарланып отыр", - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.