23 қаңтардан бастап шетелдік автокөліктер заңдастырылады - ІІМ

0
591

Комитет төрағасы заңдастыруға жататын автокөлік түрлеріне тоқталып, көліктің шығу уақытына байланысты талап болмайтынын айтты.


23 қаңтардан бастап шетелдік автокөліктер заңдастырылады - ІІМ

ERNUR.KZ. Биыл 23 қаңтарындан бастап шетелдік автокөліктер заңдастырылады. Бұл туралы "Шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы" брифингте айтылды, деп жазады stan.kz.

“Көрсетілген Қағидаларда автокөліктер қандай жағдайларда 200 000 теңге алымын төлеп және утиль алымынан босатыла отырып, заңдастыруға жататын нақты өлшемшарттар белгіленген. Көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек және іздеуде болмауы қажет. Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болу тиіс. Сондай-ақ кедендік тазартудан өтуі керек”, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Комитет төрағасы заңдастыруға жататын автокөлік түрлеріне тоқталып, көліктің шығу уақытына байланысты талап болмайтынын айтты.

“Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автомобильдеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде оң жақты басқару органдары бар автокөліктерге қолданылады. Бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды”, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру өткізу туралы жариялаған еді.