25 наурыздан бастап Өзбекстан аумағына кірудің жаңа тәртібі енгізіледі

0
2 467

Әуе немесе теміржол бағытында келушілер ӨР-ға сапар алдынан тіркеуден өту үшін соңғы 72 сағат ішінде коронавирустық ПТР тест туралы анықтаманы (індет жоқ деген) көрсету талап етіледі;


25 наурыздан бастап Өзбекстан аумағына кірудің жаңа тәртібі енгізіледі

ERNUR.KZ. 25 наурыздан бастап Өзбекстан аумағына кірерде танылған зертханалардың коронавирусқа арналған ПТР тест нәтижелері сұралады. ПТР тест туралы куәлігі жоқ азаматтар шекаралық бекеттерде экспресс-тест тапсыру мүмкіндігі қарастырылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Туризм комитетінің дерегінше, ПТР тест нәтижесі қабылданатын зертханалардың тізімін (кем дегенде 10) санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жасақтайды. Ал тест нәтижесі ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы керек.

Жаңа талаптар бойынша:

·ӨР аумағына әуе, теміржол және шекара бекеттері арқылы келетін барлық азаматтар өз есебінен әуежайда, теміржол станциясында немесе шекара бекетінде коронавирустық антигенге экспресс-тесті тапсыру процесі 2021 жыл 15 наурыздан бастап жойылды;

әуе немесе теміржол бағытында келушілер ӨР-ға сапар алдынан тіркеуден өту үшін соңғы 72 сағат ішінде коронавирустық ПТР тест туралы анықтаманы (індет жоқ деген) көрсету талап етіледі;

·автокөліктік бақылау бекеттері арқылы ӨР-ға келушілер 72 сағаттан аспайтын мерзімде коронавирустық ПТР тесттік ауру жоқтығы жайлы анықтама тапсырса немесе ПТР нәтижелері болмаған жағдайда шекара бекеттеріндегі клиника, зертханаларда коронавирустық инфекция антигеніне экспресс тест тапсырады, індет анықталмаса Өзбекстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етіледі.

Жол шекара өткізу бекеттері арқылы келетін Өзбекстан азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, егер тест нәтижесінде ауру анықталған жағдайда, олар тиісті аймақта орналасқан медициналық мекемелерге жіберіледі.

«Сох» ауданы, «Шохимардан», «Чонкара», «Тоштепа» елді мекендерге кірерде және сол аймақтан ӨР-ға транзиттік жолмен келе жатқан Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарынан коронавирустық тест нәтижелері сұралмайды.

Еске салсақ, 15 наурыздан бастап Өзбекстанға келушілер КВИ-ға қосымша тест тапсырмай кіретіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.