28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

0
1 628

Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.


28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатының салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Алматы облысының Талғар ауданында жолаушылар ұшағының апат болуы салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 28 желтоқсанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын" - деп жазылған Жарлықта.