3 айда қазақстандықтар 22 мыңнан аса жаңа көлік сатып алған

0
596

Қауымдастықтың вице-президентінің пікірінше, 2022 жылы көлік сатуда 20% өсім деңгейінде сақталады.


3 айда қазақстандықтар 22 мыңнан аса жаңа көлік сатып алған

ERNUR.KZ. Биыл қаңтар-наурызда ел тұрғындары 22 мыңнан аса жаңа көлік сатып алды. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол былтыр ресми дилерлер 117 мыңнан аса жаңа көлікті сатқанын, нарықтағы автомобильді сату өсімі 26% болғанын атап өтті.

"2020 жылы пандемияға қарамастан көлікті сатуда өсім байқалды... Отандық көлік өндірісіндегі өсім – 20%. 2022 жылғы қаңтар-наурызда автомобильді сатуда өсім байқалды. Мысалы, наурызда өсім 26,8% болды. Биыл қаңтар-наурызда қазақстандықтар 22 293 жаңа көлікті сатып алды", - деді Анар Мақашева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Қауымдастықтың вице-президентінің пікірінше, 2022 жылы көлік сатуда 20% өсім деңгейінде сақталады.

"Ресми импорттаушылардың болжамына сүйенсек, биыл жаңа көліктерді сату көрсеткіші 117 мыңнан асуы ықтимал. Біз өсім 20% деңгейінде сақталады деп болжаймыз. Бұл көптеген ресми өндірушінің логистика мәселелерді шешуі, логистикалық жолдардың өзгеруі, жеткізушілердің ауысына байланысты", - деді вице-президент.