300 млн теңге салым: пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды

0
153

Кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжат ұсынбаған.


300 млн теңге салым: пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды

фото / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі ауқымды операция нәтижесінде "Buyers Union" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп жазады sputnik.kz.
Белгілі болғандай, қаржы пирамидасы өз қызметін тұтынушылық кооператив ретінде жасырған.
Салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген.
Сонымен қатар, кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген. Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған.
"Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжат ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген. Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған", - деп жазылған хабарламада.
Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.