5 қарашада қазақстандықтар ерекше үлкен Айды көре алады

0
117

Астрономдар бұл құбылысты жылдың басты супер Айы деп атап отыр.


5 қарашада қазақстандықтар ерекше үлкен Айды көре алады

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. 5 қараша күні Ай биылғы ең жақын нүктесіне жақындап, аспанда әдеттегіден әлдеқайда ірі әрі жарық көрінеді, деп жазады inbusiness.kz.

Супер Ай – бұл толық Айдың Жерге ең жақын келген сәті. Осы кезде Ай бізден шамамен 356 мың шақырым ғана қашықтықта болады, сондықтан оның көлемі көзге 8 пайызға үлкен, ал жарығы 16 пайызға күшті болып байқалады.

Ерекше құбылыс соңғы рет 2020 жылы байқалған, ал қайта 2028 жылы қайталанады.