Планшет пен 1 миллион теңге сыйға берілді.
ERNUR.KZ. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ақан Әлімжановпен және оның отбасымен кездесіп, қайғылы жағдайдың алдын алғаны үшін алғыс білдірді, деп жазады inform.kz.
«Ақанға планшет пен 1 миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз», - деп жазды елорда әкімі Instagram парақшасында.