70 мың теңге: министрлік қазақстандықтарға берілетін төлем туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
120

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы таратылады.


70 мың теңге: министрлік қазақстандықтарға берілетін төлем туралы ақпаратты жоққа шығарды

фото: Официальный сайт СЦК при президенте Казахстана

ERNUR.KZ. Еңбек министрлігі қазақстандықтарға төлем туралы ақпараттың жалған екенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтары 70 000 теңге көлемінде төлем алуға құқылы деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, ақшаны өз есепшотына аудару үшін белгісіз біреулер сілтеме арқылы өтуді ұсынады.
"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, көрсетілген сілтеме азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін", - деп есептейді министрліктегілер.
Ведомство мамандары "алаяқтарға алданып қалмас үшін" сілтемеге өтпеуге кеңес берді.

Еңбек министрлігі қажетті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы таратылатынын еске салды.