Дәрігерлер оның екі қолын сақтап қала алмады
ERNUR.KZ. Ақтөбеде тоқтан күйік алған 9 жасар бала екі қолынан айырылып қалды, деп жазады sn.kz.
5 қазанда 9 жасар бала Шалқар қаласында мектептің ауласындағы трансформаторға шығып, екі қолынан күйік алған.
Бұл оқиға сабақтан кейін болған. Баланы ары-бері өткендер көріп қалып, бірден жедел жәрдемге хабарласыпты.
Бала ауруханаға жеткізіліп, оған 10 қазанда ота жасалған. Алайда, дәрігерлер оның екі қолын сақтап қала алмады.