Жасөспірім электрсамокатпен үйден еркін күрес секциясы орналасқан спортмодульге қарай шыққан.
Фото: Абай облысы ПД
ERNUR.KZ. Абай облысында полиция 2011 жылы туған 13 жастағы Қайратұлы Қайсар есімді жасөспірімді іздестіріп жатыр. Ол Мақаншы ауылында тұрады, деп жазады tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, 10 сәуірге қараған түні Мақаншы аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмек сұрап жүгінген.
"Әкесінің айтуынша, 9 сәуірде шамамен 14:30-да оның ұлы жасыл түсті электрсамокатпен үйден еркін күрес секциясы орналасқан спортмодульге қарай шыққан. Сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз", – деді полиция өкілдері.
Жасөспірімді іздеу жұмыстары басталды. Оған ұстаздар, жергілікті тұрғындар және әкімдік өкілдері де жұмылған.
"Егер сізде Қайратұлы Қайсардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу 102 нөміріне немесе ең жақын полиция бөліміне хабар берулеріңізді сұраймыз", – деп халыққа үндеу жасады полицейлер.