Абай облысында TikTok түсіріп, жұртты боқтаған әйел түрмеден бір-ақ шықты (ВИДЕО)

0
142

Жыл басынан бері тағы сегіз адам осындай қылмысы үшін бас бостандығынан айырылды.


Абай облысында TikTok түсіріп, жұртты боқтаған әйел түрмеден бір-ақ шықты (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан және ұлтаралдық болмаса діни алауыздық қоздырған адамдардың саны мен олардың жазасы туралы ақпарат таратты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, елімізде жалған ақпарат таратқандардың кінәсі сотта дәлелденсе, олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Жарты жылдың ішінде жалған ақпарат жариялау фактілеріне қатысты 47 қылмыстық іс тіркелді. Мысалы, Түркістан облысында бір азамат әлеуметтік желілерде шетелдік инвесторларға жер берілді деген жалған ақпарат таратқан. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, жауапқа тартылды. Ал, ұлтаралық, діни немесе әлеуметтік алауыздықты қоздыру ауыр қылмыс саналады және ол үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп хабарлайды ІІМ.



Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың алты айында осындай фактілер бойынша 64 қылмыстық іс қозғалған екен. Соның ішінде 15 адам сотталса, тоғызы түрмеге қамалған.

«Соның ішінде, Абай облысында тұратын әйел адам TikTok-та ұлттық белгілер бойынша балағат сөздер айтылған видео таратқан. Ал Қызылорда облысының тұрғыны көпшілік алдында діни алауыздықты қоздырған», - деп хабарлайды министрлік.

Бұдан өзге фейк таратқан бірнеше адамға да сот ауыр жаза кескен.

«Алты айда фейк ақпарат таратуға қатысты 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Атырау облысында азамат дамба қирады деген жалған видео жариялаған. Петропавлда белсенді түрмедегі сотталғандар туралы жалған ақпарат таратқан», - деп хабарлайды ІІМ.