Әбілшайықов "Атамекен" басшысы қызметінен кетті

0
3 043

Нариман Әбілшайықов жаңа жобаға қатысатынын айтты.


Әбілшайықов

ERNUR.KZ. Нариман Әбілшайықов "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы басшылық лауазымнан кететіні туралы хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Мен жаңа жоба арқылы өмірімнің жаңа парағын ашқалы тұрмын. (...) Мына жазбаны "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы ретіндегі соңғы жұмыс күнімде жазып отырмын. Бұл менің өмірімнің қарқынды әрі күрделі, дегенмен өте қызықты кезеңі болды", - деп жазды Әбілшайықов әлеуметтік желіде.

Ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы қызметкерлердің тәжірибесі мен құзыреті ерекше екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Нариман Әбілшайықов 18 ақпанда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. Ол Абылай Мырзахметовтың орнына келді. Бұған дейін Нариман Әбілшайықов ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.