Әблязов Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

0
1 496

Мұхтар Әблязов, оның әйелі, қызы және күйеу баласы бірнеше жылдар бойы Еуроодақта жалған ОАР төлқұжаттарымен өмір сүріп жүр.


Әблязов Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

ERNUR.KZ. Желідетараған бір сурет Ресейді шулатты деп жазады Qamshy.kz.

Әлеуметтік желі бойынша бір құжаттың суреті таралуда. Болжамға сәйкес, Орталық Африкалық Республикасына қызығушылығы бар ресейлік ФСБ өкілеті өзінің байланыстары арқылы ОАР Қоғамдық қауіпсіздік және эмиграция-иммиграция министрінің атынан Interpol-ға хат жазған.

Негізгі ақпаратқа сәйкес, Мұхтар Әблязов, оның әйелі, қызы және күйеу баласы бірнеше жылдар бойы Еуроодақта жалған ОАР төлқұжаттарымен өмір сүріп жүр. Егер де барлығы дәл осылай болса, Әблязов жақын уақытта Қазақстанға экстрадициялануы әбден мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, ол "2005 - 2009 жылы БТА банкінен қаржы жымқырды" деп айыпталды. Қазір - шетелде. Оны Франция үкіметі 2013 жылы ұстады. 2014 жылы қаңтарда төменгі инстанциялық француз соты банкирді экстрадициялау туралы үкім шығарды, алайда сәуірде бұл шешімді кассациялық сот қабылдаған жоқ. Өткен жылдың соңында Францияның мемлекеттік кеңесі оны Ресейге экстрадициялаудан бас тартты.