Жауапты агенттік радиоактивті қалдықтарды көму үшін полигон болған орынды таңдады.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Қазақстанда салынатын атом электр станциясынан шыққан радиоактивті қалдықтар Семей аумағына көмілетін болды, деп жазады stan.kz.
Жауапты агенттік радиоактивті қалдықтарды көму үшін полигон болған орынды таңдады.
“Шығыс өңірдегі ластанған аумақтың көлемі 18 мың шаршы метр болады. Қалдықтар жерге көмілмес бұрын, арнайы қоймаларда сақталады екен. Бұл – жоғары деңгейлі радиоактивті қоқыстың қауіптілігін төмендетеді”, – дейді мамандар.
Сондықтан олар жарамсыз заттар қоршаған ортаға зиян келтірмейтініне сенімді. Одан бөлек станцияның реакторларынан бір жылда 50 текше метр қалдық шығуы мүмкін деген болжам бар.
“Арнайы су бассейндерінде белгілі бір уақыт сақтайды. Яғни оның температурасы мен радиоактивтілігі төмендетіледі. Радиоактивтілігі төмендегеннен кейін оны арнайы болат немесе бетоннан жасалған контейнерлерге салып уақытша немесе ұзақ мерзімді құрғақ сақтау орындарына жіберіледі”, – деді Атом энергиясы жөніндегі агенттік департаментінің директоры Ғани Мәди.


