Африкалық шошқа обасы - шошқалардың өте жұқпалы вирустық ауруы.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында ветеринарлық қызмет африкалық шошқа обасының енуі мен таралуының алдын алу шараларын қабылдауда, деп жазады Stan.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстанмен шекаралас Омбы облысында африкалық шошқа обасы індеті тіркелген болатын. Березянка ауылында Омбы облысы губернаторының жарлығымен 2020 жылдың 30 қарашасынан 24 желтоқсанына дейін карантин енгізілді.
Аймақта аурудың өршуіне жол бермеу үшін ветеринария қызметі бірқатар шаралар қабылдады, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.
"Африка шошқасы безгегінің пайда болуын болдырмау, Солтүстік Қазақстан облысында инфекцияның енуіне және таралуына жол бермеу үшін ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленді. Инфекцияның алдын-алу бойынша қосымша қорғаныс шараларын қабылдау, ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейту, дезинфекция жасау қолға алынып жатыр", - деп хабарлады Әлжанов.
Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында карантин қатаңдатылды.
"Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тірі шошқаларды, сондай-ақ 72 градус термиялық өңдеуден өтпеген шошқа өнімдерін және шикізатты Қазақстан аумағы арқылы әкелуге және транзитке тыйым салуды енгізді. Мемлекеттік шекара арқылы өтетін автомобиль пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау күшейтілді, барлық импорттық және транзиттік жүктер тексеріліп жатыр", - деп атап өтті ветеринария бөлімінің бастығы.
Африкалық шошқа обасы - шошқалардың өте жұқпалы вирустық ауруы. Адам үшін бұл қауіп төндірмейді.