Ақмола облысында балабақша есепшісі 9 млн теңгені жымқырғаны анықталды

0
94

Ол ақшаны өз шотына аударып алған.


Ақмола облысында балабақша есепшісі 9 млн теңгені жымқырғаны анықталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының прокурорларын мектепке дейінгі білім беру ұйымында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықтады, деп жазады inbusiness.kz


Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жақсы ауданы прокуратурасы "Болашақ" балабақшасының қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында балабақша есепшісі қызмет және тауарларға арналған 9 млн тенгені өз шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

“Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, одан әрі тергеу Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды,” – делінген хабарламада.