Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жасар баланың мәйіті табылды

0
326

Ол 10 күн бұрын жоғалып кеткен.


Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жасар баланың мәйіті табылды

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, 10 мамыр күні баланың денесі Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен табылған.

Бала 30 сәуірде жоғалып кеткен. Сол күні ата-анасы оның жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған.

«Баланы іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру шаралары 10 күн бойы үздіксіз жүргізілді. Хабар түскен сәттен бастап қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция департаментінен.

Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталған соң, процессуалдық шешім қабылданатын болады.