Жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында пойыз 11 жылқыны қағып кетті. Оқиғаның видеосы пайда болды, деп жазады Тengrinews.kz.
Полицейлердің мәліметінше, "Петропавл-Қызылорда" бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі түн уақытында "Аршалы-Анар" аралығында 11 бас жылқыны қағып кетті.
Қазір осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
