Ақмола облысында ұлына пышақ салған тұрғынға қатысты тергеу басталды

0
507

Приречное ауылында өткен жексенбіде болған.


Ақмола облысында ұлына пышақ салған тұрғынға қатысты тергеу басталды

ERNUR.KZ. 30 мамырда Целиноград ауданының полиция бөліміне Приречное ауылының 63 жастағы тұрғынынан жұбайы ұлына пышақ жарақатын салғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ішімдік ішкен 64 жастағы ер адамның жанжал кезінде 30 жастағы ұлының сол жақ қолтық тұсына пышақ салғанын анықтады.

Жас жігіт ауруханаға жатқызылған. Ер адам өз ісін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

Бұл оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.