Ақмола облысында үш ауылдың малы суға кетті

0
619

Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ыққан мал мұз құрсауында қалып қояды.


Ақмола облысында үш ауылдың малы суға кетті
ERNUR.KZ. Ақмола облысы Атбасар ауданында 100-ден астам ірі қара мен жылқы Есіл өзеніне батып кеткен, деп жазады zakon.kz.

Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ыққан мал мұз құрсауында қалып қояды.

Арам өлген жануарлар Қаракөл, Қосбармақ, Сергеевка ауылдарының тұрғындарына тиесілі. Қазір жұрт шамасы келгенше жабылып, өлекселерді судан шығарып жатыр.

Жергілікті шаруашылықтар халыққа техника беріп, өлген малды арнайы қорымдарға тасып жатыр.