​Ақмола облысының диқандары күздік бидай оруды бастады

0
176

Мұнда егін жинау қарқынды жүргізілуде. Өнімділік гектарына 30–32 центнерді құрады.


​Ақмола облысының диқандары күздік бидай оруды бастады

Фото: ҚР АШМ

ERNUR.KZ. Өңірде бидай жинау жұмыстары басталды. Күздік бидайдың алғашқы өнімі «Зеренда Сақтау Өнімдері» ЖШС алқаптарынан келіп түсіп жатыр, деп жазады inform.kz.

Мұнда егін жинау қарқынды жүргізілуде. Өнімділік гектарына 30–32 центнерді құрады.

– Күздік бидайды былтыр қыркүйек айында «Умка» сұрпымен сепкен болатынбыз, барлық қажетті тыңайтқыштарды енгіздік. Қазір алқап толық пісіп, ору жұмыстары белсенді жүріп жатыр, – деді «Зеренда Сақтау Өнімдері» ЖШС директоры.
Ерте пісетін бидайды өсіруде қолданылатын ғылыми технологиялардың арқасында жақсы өнім алынады. Осы әдісті облыста кеңінен енгізу жоспарланып отыр.
Өңірде егіс алқаптарын әртараптандыруға басымдық беріліп, майлы және мал азықтық дақылдар көлемі артып келеді.
Биылғы көктемгі егіс көлемі – 5,5 млн гектар. Дәнді дақылдарды жаппай ору 25 тамыздан кейін басталады.
Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері айтарлықтай мемлекеттік қолдауға ие болды. «Кең Дала» бағдарламасы аясында 870 фермер 103,5 млрд теңгеден астам сомаға жеңілдетілген несие алды. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша жыл басынан бері ақмолалық аграршылар 31 млрд теңгеге 587 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.
Жалпы, биыл облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 227 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды.