Медицина ұйымдары шетелден келген азаматтарды 3 санатқа бөліп, денсаулығына мониторинг жүргізіп жатыр.
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 1-29 ақпан аралығында Қазақстанға мемлекеттік шекараның өткізу пункттері арқылы шетелден 1 539 744 адам келгенін мәлімдеді. 2 наурыздағы дерек бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 901 305 адам келген, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қазір Қытайдан және өзге де шекаралас елден келген азаматтарға мониторинг жүргізіліп жатыр.
"2020 жылдың 6 қаңтарынан 28 ақпанына дейін елімізге Қытайдан 32 456 адам келді. Осы аралықта денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті санитариялық-карантиндік пункттердің мамандары мамандары халықаралық әуежайлар мен теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде 32 456 адамды тексерді", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, медицина ұйымдары шетелден келген азаматтарды 3 санатқа бөліп, денсаулығына мониторинг жүргізіп жатыр.
"Карантинде 1 "А" санаты бойынша 298 адам, 1 "Б" санаты бойынша 353 адам үйде оқшаулауланған жағдайда жатыр. 3 наурызға дейін 33 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен емханаға жеткізілді: 1 "Б" санаты бойынша – 5 адам, екінші санат бойынша – 21 адам, үшінші санат бойынша – 7 адам. 33 адамның біреуі үйіне қайтарылды", - делінген денсаулық сақтау министрлігі сайтында.
Бақылауға 6 022 адам алынған. Дәрігерлер екінші санат бойынша 1584 адамды қашықтан бақылауға алды. Оларға 14 күн бойы қоңырау шалынып, қал-жағдайы сұралады. Үшінші санат бойынша қашықтан бақылауда 4438 адам болады. Оларға 24 күн бойы қоңырау шалып, дәрігерлер жағдайын біледі. Сонымен қатар үшінші санат бойынша 14 адам бақылауға алынды.
"COVID-19 вирусына зертханалық тексеруден өткендер саны – 969 адам, оның ішінде Қытайдан эвакуацияланған 524 адам бар. 358 адам стационарға жатқызылған. Оның ішінде 2020 жылдың 23 ақпанында Жапониядан келген 20 адам бар. 85 адам өзге елден келгендермен байланыста болғандықтан тексеруден өтті. Ешкімнен вирус табылған жоқ. Соңғы тәулікте 2 адам тексеруден өтті, олардың да нәтижелері теріс", - деді министрлік.
23 қаңтарда Жапониядан келген 20 қазақстандық медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген болатын. Оның ішінде коронавирус шыққан Diamond Princess лайнерінде болған 4 азамат бар. Дәрігерлердің айтуынша, карантинде жатқандардың денсаулығы жақсы.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын алу шараларын сақтау қажет екенін айтты:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланыста болмау;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Ресми ақпаратты министрліктің Facebook парақшасынан оқуға болады. Сұрақтар туындаған жағдайда 1406 нөмірі тәулік бойы жұмыс істеп тұр.