АҚШ-та қайтыс болған қазақ қызының жақындары көмек сұрайды

0
532

28 жастағы қызды скутер қағып кеткен.


АҚШ-та қайтыс болған қазақ қызының жақындары көмек сұрайды

ERNUR.KZ. АҚШ-та скутер қағып кеткен қазақ қызы қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы К.Байсейітова атындағы мектептің әкімшілігі мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мөлдір Жолтай осы мектептің түлегі. Ол кәсіби музыканттарды дайындайтын дарынды балаларға арналған мектепті 2012 жылы бітірген. Марқұмның туыстары сот сараптамасынан өткізіп, оның денесін елге жеткізу үшін қаржылай көмек сұрады.

«2012 жылғы бетке ұстар түлегіміз Мөлдір Жолтай жазатайым оқиғадан жан тәсілім етті. Дарынды жан, өмірге құштар, әлі де талай шығармашылық жетістіктерімен елді қуантады деген үмітіміз зор еді. Әттең жазмыштан озмыш жоқ. Мектеп ұжымы атынан жақын туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреміз»,- делінген хабарламада.

28 жастағы қызды скутер қағып кеткен.